• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеді

123 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Цой әлемде тәулігіне 300 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді. 

«Әлемде індет жұқтырған 230 миллионнан астам жағдай тіркелді. 4,7 миллионнан астам адам қайтыс болды. ДДСҰ Еуропалық аймағының деректері бойынша соңғы екі аптада 54 мемлекеттің 22-сінде аурушаңдық деңгейі артқан. Соңғы 14 күнде Украинада аурушаңдық өршіп, бір аптада аурушаңдық 100%-дан артты. Польшада, Венгрия мен Молдовада – 77%-ға дейін, Армения, Түркия, Беларусь елдерінде 16%-дан 30%-ға дейін көбейді», деді Денсаулық министрі.

Министрдің айтуынша, ЕуроДДСҰ 32 мемлекетінде, атап айтқанда, Испанияда – 57%, Швейцария, Франция мен Әзербайжанда – 40%, Қырғызстанда – 36%, Грузияда – 32%, Италияда – 28%, Израильде – 21%, Германияда – 18%-ға төмендеген. 

«Еліміз бойынша аурушаңдықтың төмендеуі байқалып отыр. Соңғы екі аптада аурушаңдық 36%-ға төмендеді», деді А.Цой.