Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили 2 қазанда Киевтен Тбилисиге авиабилет сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясаткер Facebook-те «Тбилисиге барып, азаматтардың еркіндігін қорғайтынын, сондай-ақ Грузияны құтқаруға қатысатынын» жазды.
Саакашвили сегіз жылдық эмиграциядан кейін елге оралатынын қыркүйектің басында мәлімдедеген. Отанында оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған.
Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили егер экс-президент елге келетін болса бірден қамауға алынатынын ескертті.