Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз әл-Фалихтің кездесуінде белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Тараптар өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, азаматтық авиация, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар екі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін тікелей әуе рейстерін ашу туралы келісті.
Сондай-ақ саудиялық тарап Қазақстан кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі кейбір өндірістік компанияларды таныстырды.
«Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға және әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді», деп жазады ИИДМ баспасөз қызметі.