Риддер қаласында «102» жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат пластикалық терезені ашып, үйін тонап кеткенін айтқан, деп жазады Egemen.kz.
Үйінен алтын сақина, үй құжаттары, 1843 жылы шығарылған мыс монетасын, «Еңбегі үшін» медалін және 8 000 000 теңге сақталған металл сейфті ұрланған. Жалпы келтірілген материалдық шығын 10 000 000 теңгені құрады.
– Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.