• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2021

AMW: Алексей Цой Пандемия кезінде ақпарат таратудың маңыздылығына тоқталды

207 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Astana Media Week форумында пандемия кезіндегі халыққа ақпарат тарату жұмысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«COVID-19 коронавирус пандемиясы бүкіл адамзат үшін жаһандық сын-тегеурін, мықты экономикалар мен әлеуметтерге, жекелеген қоғамдастықтарға және әрбір отбасына соққы болды. Вирустың кең таралуы мен халық арасында аурудың өршуі салдарынан дағдарыстарға ең төзімді денсаулық сақтау жүйесі де қолда бар ресурстарға бұрын-соңды болмаған жүктемеге төтеп бере алмай, осалдығын көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен жылы инфекциямен күресу стратегиясында пандемияның үш белгісін анықтады. Біріншісі – жылдамдық пен масштаб. Ауру әлемнің түкпір-түкпіріне тез таралды, таралудың бұл сипатына байланысты тіпті ең тұрақты денсаулық сақтау жүйелері де бұзылды. Екіншісі – ауырлық дәрежесі, орташа алғанда жағдайлардың 20%-ы ауыр немесе күрделі болды, жасына қарай және қатар жүретін қандай да бір аурулар болған кезде күшейеді. Үшіншісі – әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелері бастан өткерген күйзеліс және кең және терең әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соққан вирустың таралымын бақылау үшін қабылданған шаралар», деді А.Цой Astana Media Week форумының «Жаңа, ковидтан кейінгі әлемдегі қоғам және БАҚ» панельдік сессиясында.

Министр пандемия басталған кезде тұрғындар толыққанды ақпараттың болмауынан үлкен қысымға ұшырағанын, өйткені COVID-19 ел естімеген және әлемде жағдайды нақты түсіну болмағанын атап өтті. Ғылымның вирусты зерттеудегі әрбір қадамы жеке түсініктемелерімен бірге жүрді. Кейбір дәрі-дәрмек, ПТР тест, жеке қорғаныс құралдары жетіспеді, бұл дүрбелеңге әкеп соқты.

Мемлекет тез жұмылып, Үкіметте жеке жұмыс тобы және ведомствоаралық комиссия құрылды.

А. Цой атап өткендей, Қазақстанда құрылған зертханалардың әлеуетінің арқасында қазір тәулігіне 120 мың ПТР тест жүргізуге болады. 17 жұқпалы аурулар ауруханасы салынды, барлық өңірлер 100% «жедел жәрдем» машиналарымен қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары құрылды. Жалпы жағдай бақылауға алынды.

А.Цой пандемия кезінде қоғаммен байланыс орнату өте маңызды екенін, сондықтан халыққа объективті ақпарат беру арналары бірінші орынға шыққанын атап өтті. Халықты ақпараттандырудың дұрыс стратегиясын таңдап, ақпарат көздерін әзірлеу маңызды болды. Бұл - coronavirus-2020 сайты, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, Денсаулық сақтау министрліктерінің порталдары және басқа да аккаунттар болды.

«Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болуы да маңызды оқиға болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 7,5 млн адам вакцина алды. Вакцинаның маңызы түсіндірілді, оның қасиеттері туралы айтылды, өйткені бұл жаңа әзірлемелер болғандықтан бастапқыда халық вакцинаға сынмен қарады. Енді адамдар вакцинаның вирустан қорғайтынына көз жеткізіп, оң қабақ танытып отыр. Ал халықты вакцинадан қорқуға итермелейтін «антиваксерлердің» әрекертін деструктивті деуге болады, ал вакциналау – кез келген жұқпалы аурулардың алдын-алудың жалғыз әдісі. Денсаулық сақтау министрлігі пандемия кезеңінде инфекция туралы жалған ақпараттарды анықтап, халыққа мұндай фактілердің шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндіруде», деді Алексей Цой.