• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қыркүйек, 2021

Шетел азаматтарына Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі берілді

254 рет
көрсетілді

ҚР Еңбек кодексіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан аумағында орналасқан кәсіпорындарда қашықтан еңбек етуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Бұдан басқа, ҚР Еңбек кодексіне ТЖ, ТО және басқа да шектеу шаралары кезеңінде қызметкерлерді қалыпты жұмыс режимінен қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәртібін оңайлататын түзетулер енгізілді. Сондай-ақ қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қашықтықтан және әдеттегі жұмыс кезектесетін аралас жұмыс режимін пайдалану мүмкіндіктері жақсартылды. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкердің аралас және қашықтан жұмыс режиміндегі құқығы мен міндеті және басқа да бірқатар өзгеріс көрсетілген.

Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта қашықтан еңбек ету үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматын қабылдаған жұмыс беруші қай елдің заңнамасын қолдануы керек екенін реттейтін нормалар жоқ.

«Осыған байланысты, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағытын іске асыру шеңберінде, жұмыс беруші ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында тіркелген жағдайда, мүше мемлекетте жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің құқықтық жағдайын реттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірленеді», деп жазады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.