Өрт шыққан жерде Талдықорған орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау, Алматы облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмыс жүргізіп жатыр. Оқиға орнында штаб ұйымдастырылды. Үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін командалық-штабтық машина, аэровизуалды бақылау үшін пилотсыз-ұшу аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді.
Өртті сөндіруге барлығы 105 адам, 17 бірлік техника, 8 мотопомпа, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ 1 борт тікұшағы және 4 адам экипаж жұмылдырылды.
Ескелді ауданының әкімдігі өртті сөндіруге жұмылдырылған адамдарға ыстық тамақ ұйымдастырды.
«Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен - Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан», деп жазады ТЖМ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте сағат 15.19-да Алматы облысы Ескелді ауданының Қора шатқалындағы Талдықорған орман шылығының аумағы алтыншы омарта ауданында жетуі қиын таулы жерлерде құрғақ шөп, бұталар, аралас орман жанған болатын. Жалын 25 гектарды құрады.