• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қыркүйек, 2021

Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандардың кредиті кешірілді

236 рет
көрсетілді

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

Сапарбаевтың айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысы әкімдігімен, банктермен және басқа да қаржылық ұйымдармен бірлесе отырып, Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасына көмек көрсету мақсатында қарыз жүктемесін төмендету үшін бірқатар шара қабылдаған.

«Біздің банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жұмысымыз нәтиже берді. Төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған қарыз алушылар мен олардың  отбасының  қарызын толығымен жабу туралы бірыңғай шешім қабылданды. Бүгінгі күні 47 крелдит бойынша берешек толық өтелді», деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, жергілікті билік басқа да қолдау шараларын қабылдаған.