• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қыркүйек, 2021

Парламентшілер семинары

85 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысындағы Орталық Азия елдерінің парламенттері өкілдерінің семинарына қатысты, деп хабарлады жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар Ор­та­лық Азия елдеріндегі эконо­ми­калық ахуалды қалпына кел­тіру және кедейлікпен күрес сияқ­ты өзекті тақырыптарды талқылады.

Сенатор Ольга Булавкина өз сөзінде Қазақстанда жүзе­ге асы­рылып жатқан азамат­та­рға жұмысқа орналасу мүм­кін­діктерін беру, жалақының өсуі­не жәр­дем­десу және аз қам­тылған азамат­тар­­ды әлеуметтік қол­дауды жетілдіру сая­­саты туралы әріптестерін хабардар етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашықтық пен атаулылықты күшейту үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетіктеріне жеке жауапкершілікті арттыруды және көмек алушыларды еңбекке ын­та­ландыруды көздейтін өзге­ріс­тер енгізілді», деді Ольга Булавкина.

Парламентшілер сондай-ақ Орта­лық Азия елдерінің көліктік және тран­зит­тік әлеуетін іске асы­руды үдету­дің келе­шегін тал­қы­лап, өңірдегі тығыз үй­лес­­тіру­дің маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында жүк тран­­зиті­нің еркіндігін қамта­масыз ету, көлік дәліз­­дерін жаңғырту және біздің елдері­міз­­дің шекаралары арқылы жүк тасымалдарын кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.