• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Қыркүйек, 2021

Жаппай екпе алып жатыр

263 рет
көрсетілді

Жаһанды жайлаған коронавирус індетімен күрес өз нәтижесін беріп, бүгінде Жамбыл облысы «қызыл» аймақтан шықты. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпті індеттен қорғануы үшін вак­цина салу көрсеткіші де жоғары.

Мәселен, өңірде 18 жас­тан асқан 582 мың тұр­ғын­ды коронавирус инфекция­сына қарсы екпемен қамту жоспарланса, қазіргі таңда аймақтағы 460 652 азамат, яғни 80 пайызға жуық тұр­ғын вакцина қабылдаған. Со­нымен қатар қауіпті індет­пен күресті жалғастыру мақ­сатында облыста әлі де вак­цина салу жұ­мыстары жүр­гізілуде.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, өңірдегі 23 медициналық ұйым­­да 43 егу пункті бар. Оның ішінде 15 пункт Та­раз қаласында болса, қал­ған 28 пункт аудандарда ор­на­лас­­қан. Ал қыркүйек айын­­да қа­уіп­ті індеттің 19 533 жағда­йы тір­келсе, пнев­­мониямен 7 299 адам ауыр­ған. Сонымен қатар коронавирус індетін бір тәулікте 53 азамат жұқтырған болса, ал пневмонияға 14 тұр­ғын шалдыққан.

«Қа­зіргі жағдайға сәйкес, инфек­ция­лық стационарларда 630, реанимациялық төсектік орындарда 81 науқас жатыр. Ка­рантиндік стационарға 9 адам орналастырылған. Олар­дың денсаулық жағ­дайла­ры тұ­рақ­ты бақылауда», деді Ә.Қалиев.

Биыл 1 ақпаннан бас­тап облысқа 57 070 доза QazCovid-in отандық вакцинасы, 341 700 доза Спутник V екпесінің бірінші компо­ненті және 316 070 доза екінші ком­поненті, сондай-ақ, 60 мың доза Hayat Vax келген. Со­­нымен қатар, 34 мың доза Ко­ронаВак, 124 мың доза Vero Сell Синофарм вак­ци­на­лары да жеткізіліпті. Бү­­гінде отандық екпенің ­1 063, Спутник V екпесінің бірінші компонентінің 335, ал, екінші компонентінің 42 225 дозасы қалған. Ал, Синофарм екпесінен 17 096 доза бар екен.

«Жам­был об­лы­сы негізінен кли­­маттық-гео­графиялық ор­на­ласу ерекшеліктеріне бай­ла­нысты инфекциялық ауру­лардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың бірнеше түрлерінің пайда болу жә­не таралу қаупі жоғары өңір­ге жатады. Жұқпалы ауру­лар адамзаттың оған қар­сы күрестегі айқын жетіс­тік­теріне қарамастан, қа­зір­гі қоғам үшін ең үл­кен қа­уіп­тердің бірі болып тұр. Был­тыр барлық елді қам­тыған ко­ронавирус індеті ауруы мен өлім-жітімнің таралу жыл­дамдығы оған айқын дәлел. Қауіпті індет әлемге тез тара­лып, экономикаға зиян кел­тірді, күнделікті өмір ырға­ғын бұзып, дүрбелең тудыр­ды. Денсаулық сақтау сала­сының мәселелерін аш­ты», деді басқарма басшысы.

 

Жамбыл облысы