• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2021

Атырауға 15 мыңнан астам доза вакцина жеткізілді

166 рет
көрсетілді

Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 15 850 доза екінші компоненті жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Вакцина өңірдегі фармацевтикалық қоймадан егу бекеттеріне тасымалданып жатыр.

«Биылғы 1 ақпаннан бері Атырау облысына «Спутник V», QazVac, Vero Cell, Hayat-Vax, Corona-Vac вакциналарының ІІ компонентіне арналған 239 600 доза сертификатымен жеткізілді. Вакциналардың бұл компонентін 185 163 адам салдырды. Оның ішінде 12 905 педагог, 6 971 медицина қызметкері, 4 413 студент, құқық қорғау органдарының 2 884 өкілі, 2 481 мемлекеттік қызметші мен 869 полицей бар. Сондай-ақ, 136 741 жергілікті тұрғын мен созылмалы сырқаты бар 16 943 пациент, арнайы мекемелердің 956 қызметкері вакцинаның ІІ компонентін ектірді», деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.