Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр елді дамытудың басым бағыттарын атады, деп жазады Egemen.kz.
Роман Склярдің айтуынша, қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамыту кезінде назар аударатын бірнеше бағыт бар.
«Үкімет қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамытуға назар аударып отыр. Олар: кәсіпкерлікті қолдау, зәкірлі жобаларды іске асыру жолымен экономиканы әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылым құрылысы мен жаңарту, көлік байланысы проблемасын шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру бағыттарын қамтиды», деп атап өтті Роман Скляр.