• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Ресей бірнеше құжатқа қол қойды

285 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі ел бірнеше келісімге келді, деп жазады Egemen.kz.

 

Форум қорытындысы бойынша төмендегі құжаттарға қол қойылды:

- ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен РФ Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасындағы Киіктердің шекара маңындағы популяциясын қорғау, өсіру және пайдалану туралы келісім (Saiga tatarica tatarica);

- ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді іске асыру аясында 2021-2026 жылдарға арналған Каспий итбалығының популяциясын сақтау жөніндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен іс-қимылдар жоспары;

- Ақмола облысы әкімдігі мен Челябинск облысы Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім;

- Ақмола облысы әкімдігі мен Омбы облысы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салалар бойынша халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру туралы келісім;

- Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Самара облысының Үкіметі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 2018 жылғы 5 қарашадағы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

- Павлодар облысы әкімдігі мен Курган облысы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Жамбыл облысы әкімдігі мен Ленинград облысы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісім.

Коммерциялық құжаттар:

- «PASTA&NOODLES» ЖШС пен «МЕРЕКЕ» ЖШҚ СҮ арасындағы келісімшарт;

- «Аралтұз» АҚ пен «Салина Трейд» ЖШҚ арасындағы келісімшарт;

- «Кентау трансформатор зауыты» АҚ пен «ТрансЭнерго» ЖШҚ арасындағы келісімшарт;

- «Технониколь» компаниясы мен «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ арасындағы Инвестициялар жөніндегі келісімге қол қоюға ықпал ету жобасын іске асыру туралы меморандум;

- «Велфарм» ЖШҚ және «РОКА» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА пен «Тулома Салмон Қазақстан» ЖШС арасындағы жол картасы.