Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің 2-турында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қайрат» бұл турда швейцариялық «Базельге» қонаққа барған. Матч алаң иелерінің пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.
«Базель» алматылықтар қақпасына қатарынан төрт гол салды. Бірінші таймда Артур (15-минутта) мен Майкл Ланг (21 мен 40-минутта) көзге түсті. Үзілістен кейін Дэн Ндойе (49-минутта) командасының төртінші голын салды.Кейін алматылықтар бұған екі голмен жауап қата алды. 66-минутта Канте гол соқса, екі минуттан соң Рикарду Алвеш пенальтиден гол салды.
Енді «Қайрат» Конференция лигасындағы келесі матчта 21 қазанда әзербайжандық «Карабахпен» кездеседі.
Еске салайық, «Қайрат» турнирдің 1-турында өз алаңында кипрлік «Омониямен» 1:1 есебімен тең түскен еді.