Бүгіннен бастап Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді. Өткен тәулікте өңірде COVID-19 жұқтырудың 120 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысының СЭБД баспасөз қызметі мәлім еткендей, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысқаннан кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.
Еске сала кетсек, Қазақстанның «қызыл» аймағында үш өңір қалды: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Павлодар облысы.