• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қазан, 2021

9 жасар бала үш інісін өрттен алып шықты

363 рет
көрсетілді

Бішкекте 9 жасар Нұрмұхамед Жұмабеков жанып жатқан үйден адамдардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 қыркүйекте сағат 13:44 шамасында Первомай ауданының Месарош көшесіндегі №85-үйде өрт шыққан болатын. Өрт салдарынан аумағы 90 шаршы метр уақытша баспана жанған. Өрттің шығу себебі нақтылануда. Өрт орнына №6 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің бір өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды.

Қырғызстан Республикасының ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрмұхамед үйінде болған өрт кезінде 2014, 2016 және 2018 жылы туған інілерін құтқарып қалған.