• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қазан, 2021

Жапония Үкіметі отставкаға кетті

188 рет
көрсетілді

Жапония Үкіметі толық құрамда оставкаға кетті, деп жазады Egemen.kz.

Kyodo агенттігінің жазуынша, өткен айдың басында штат басшысы Йошихидэ Суга партия басшысы лауазымына  ұсынылмайтынын жеткізген. Бұл оның Премьер-Министр қызметінен кететінін білдіреді.

Өткен сәрсенбіде партиялық сайлауда 2012-2017 жылдары Сыртқы істер министрі болған Фумио Кишида  жеңіске жетті.

Бүгін, 4 қазан күні Жапония парламентінің екі палатасы да Премьер-Министрдің кандидатурасына дауыс береді. Кейін ол министрлер кабинетін тағайындайды.

Министрлікке кандидаттарды іріктеу демалыс күндері аяқталды. Алдын ала деректер бойынша, үкіметтің бас хатшысы Хироказу Мацуно болады. Бұрынғы үкіметтен тек үш адам жаңа кабинетке ауысуы мүмкін. Олар: Сыртқы істер министрі Тошимицу Мотеги мен Қорғаныс министрі Нобуо Киши өз қызметтерін сақтап қалады, ал Койчи Хагиуда Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігін басқарады. Ол бұрын Ғылым және білім министрлігін басқарған.