• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Қазан, 2021

Архиепископ Томаш Пэта қазақ халқына ризашылығын білдірді

147 рет
көрсетілді

Рим-католик архиепархияның архиепископ-митрополиті Томаш Пэта қазақ халқына ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жыл - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой жылы. Тәуелсіздіктің осы 30 жылдығын атап өте отырып, біз сол уақыт аралығында жүріп өткен жолымызда қандай жақсылықтар болғанына көз жүгірткіміз келеді. Тәуелсіз Қазақстан Парламентінің ең бірінші қабылдаған заңдарының бірі - діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң болғанын атап өткен жөн. Бұл діни қауымның дамуына, шіркеулерді, монах үйлерін салуға мүмкіндік берді. Осы уақыт ішінде католиктер Қарағанды қаласында Құдай ана Фатимская кафедралды шіркеуінен бастап көптеген діни нысандар салды. Бұл нысан өте керемет салынған. Мұнан өзге де нысандар бар», деді ол.

Осы ретте Томаш Пэта Қазақстанның бүкіл католиктері үшін Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің елімізге сапарлауы маңызды оқиға болғанын атап өтті.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығында Рим Папасы елордамыз Астанаға сапармен келді. Католиктер үшін бұл мемлекеттік сапар діндар басшысының сапары саналады. 2001 жылдың қыркүйегінде алаңға жиналған адамдардың «Әулиені көргіміз келгендіктен келдік» деп айтқандары әлі есімде.

Рим Папасы өз үндеулерінде тек қана католиктерге ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға, Қазақстанның билігіне жүгінді. Билікке «халықтар, құрлықтар, діндер, мәдениеттер арасындағы көпір болуы тиіс айрықша миссия бар екендігін» айтты. Қазақстан билігі, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рим Папасының осы жүздерін жүрегіне өте жақын алғанын атап өткім келеді», деді Томаш Пэта.

Осы ретте архиепископ 2003 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезін ұйымдастырғанын еске салды.

«Сол уақыттан бері 6 съезд өтті. Енді міне 7-ші съезге дайындық жүргізіліп жатыр. Құдай қаласа съезге дайындық жөніндегі хатшылықтың отырысы өтеді», деді ол.

Оның атап өтуінше, Рим Папасы елімізге сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Өзерное ауылына барды. Бұл ауылда Қазақстандағы католиктер үшін қасиетті саналатын «Ана мен Отан» алаңы бар. Аталған алаң бүгінде бүкіл әлемге танымал. Дәл осы ауылда «Қазақстан жұлдызы» алтарьі орналасқан. Онда соңғы 2 жыл бойы жергілікті жамағат өкілдерінің бірі таңертеңнен кешке дейін мінәжат етеді. Сөз соңында Томаш Пэта қазақ халқына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезі өтеді.