• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қазан, 2021

3,5 мыңнан астам үй су астында қалды

199 рет
көрсетілді

Мексикадағы Керетаро штатында қатты жаңбыр жауып, өзен суы тасыды. 3,5 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды, деп жазады Egemen.kz.

Milenio газетінің жазуынша, бүгін өңірде табиғи апаттан келген шығынды бағалау басталады.

«Ертең 120 адам тізім құрастыруға кіріседі, елді мекендерде қанша адам тұрақты түрде, қаншасы үй жалдап тұрып жатқанын санайды. Біз соған қарап, мүмкіндігімізді саралаймыз», деді аймақ губернаторы Маурисио Кури.

Әскери қызметшілер мен құтқарушылар су басқан аудандардан 3 мыңнан астам адамды эвакуациялаған.

Қыркүйек айының басындағы нөсерден болған су тасқыны Идальго штатындағы ондаған мың үйге зиян келтірді. Соның ішінде Тула-де-Альенде қаласы айтарлықтай зардап шекті. Онда аурухананы су басып, ондағы науқастар қайтыс болды.

Табиғи апаты жалпы алғанда 70 мыңнан астам адамға әсер етті. Оны жоюға жүздеген құтқарушы, әскери қызметшілер мен Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды.