• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 05 Қазан, 2021

600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

139 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады Egemen.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін суармалы жер көлемі 3 миллион гектарға жетуі керек. 

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда 1,6 миллион гектар суармалы жер бар.

«Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Осылайша, суармалы жерлердің алаңы 2,2 миллион гектарға дейін жеткізілетін болады», деді С. Брекешев.

Сонымен қатар 2025-2030 жылдар аралығында 800 мың гектар суармалы жер айналымға енгізілетін болады.