• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2021

Қазақстандық электровоздар экспортқа шығарылады

218 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Парижде әлемдегі ең ірі машина жасау компаниясы Алстоммен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірлестіктің еліміздегі 2 зауытының бірінде электровоз құрасытырылады. Енді инвестор оларды көрші елдерге сатуды қолға алуға ниетті. Қазақстандық өнімге сұраныс жоғары болу үшін отандық материалдардың үлесін арттырып, оның көлемін 40 пайыздан 60 пайызға жеткізу көзделген.

«Отандық материалдың үлесін арттырудан техниканың құны арзандап, бәсекелестікке қабілеттілігі артуы тиіс. Аралас өндіріс дамып, біздің 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты екі еселеу туралы мақсатымызға жетуге көмектесетін болады», деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

«Бұл Қазақстанмен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған тағы бір қадамымыз. Біздің «Қазақстан темір жолымен» келісімшартымыз 30-40 жылға жоспарланған. Қазақстанда жүріп жатқан пойыздарға қызмет көрсетуден бөлек келешекке жоспарымыз көп», деді ALSTOM компаниясының аймақтық президенті Эндрю Делеоне.