• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Қазан, 2021

Біліктілікті сертификаттау департаментіне басшы тағайындалды

2829 рет
көрсетілді

Сырымбек Төлеу «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» Акционерлік қоғамының Біліктілікті сертификаттау, кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын инспекциялау және ранжирлеу департаментінің директоры лауазымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сырымбек Төлеу, 2013-2015 жылдары — Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған №2 облыстық мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2013-2015 жылдары — «Қазақ Үні» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

2016 жылы —«Алатау»  дәстүрлі өнер театр директорының дамыту жөніндегі орынбасары.

2018–2019 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінде жұмыс істеген.

2019-2021 жылдары — «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамында менеджер.

2019-2021 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы төрағасы болып табылатын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «РҒӘО» АҚ баспахана директоры қызметін атқарған.