• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Қазан, 2021

Елордада есірткі жарнамалаған 16 сайт бұғатталды

247 рет
көрсетілді

Елордада есірткі жарнамалаған 16 сайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шамамен 20 телеграмм-арна бұғатталды. Есірткі жарнамалағандардың кінәсі дәлелденсе, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, бір апта ішінде бас шаһарда 114 қылмыс жасалды. Оның 76-сы тәулік ішінде ашылды. 11 алаяқтық, 4 тонау, 5 автокөлік ұрлығы, өзгенің мүлкін ұрлау бойынша 19 факт және денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша 3 жағдай анықталды. Барлық күдікті ұсталып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Жиынтық кестеге есірткінің жаңа 29 түрі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Құжатқа сай, есірткі заттарын дайындаған, сатқан, тіпті, тұтынған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Статистикаға сүйенсек, аталған қылмысқа қандай да бір қатысы бар әр азамат орта есеппен 10 жылға сотталып, жиған мүлкі тәркіленеді», деді қалалық Полиция департаментінің басқарма басшысы Сергей Ильиных.