Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтуде. Аталған жиында шымкенттік делегаттарды бастап барған қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев көпшілік алдында баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе польшалық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Форумды Қазақстан Елшілігі мен Kazakh Invest ұлттық компаниясы Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің, сондай-ақ Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігінің қолдауымен Польшаның бизнес Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, тамақ, химия, тау-кен металлургия және фармацевтика өнеркәсібі салаларының өкілдері болып табылатын қазақстандық және поляк компаниялары қатысуда.
Форумның мақсаты Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы қолданыстағы байланыстарды нығайту және жаңаларын жолға қою, инвестициялық жобаларды таныстыру болып табылады.