• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2014

Виталий Каркуланы өлтіргендер кінәсін мойындады

227 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірді деген күдікпен ұсталғандар кінәларын мойындады. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Облыстық ішкі істер департаменті мен прокуратура қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар 30-35 жас аралығындағы екі күдіктіні қолға түсірген болатын. Тергеу барысында олардың көлігінде қару болғаны анықталды. Қазір үшінші күдікті іздестіріліп жатыр. Осыдан біршама күн бұрын ішкі істер органдары бұл оқиғаға байланысты дерек айтқан адамдарға ірі көлемде сыйақы берілетінін мәлімдеген болатын. Әзірге құқық қорғау қызметкерлері қылмыстың қалай ашылғанын құпия ұстап отыр. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Астана» телеарнасы. Фото: Mvd.gov.kz.  
Соңғы жаңалықтар