Павлодар қаласындағы RBK Bank филиалының директоры өзіне қол салды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдің жасы 49-да болған.
«5 қазан күні сағат 7:13-те Бектұров көшесі 50/1 мекен-жайында орналасқан дүкеннің шатырынан 1972 жылы туған әйелдің денесі табылды. Ол сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.RBK Bank басшылығы болса марқұмның отбасына барынша көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, тергеу жұмыстары аяқталғанша жалған ақпарат таратпауды сұрады.