• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2021

Балалары өрттен қаза тапқан отбасына көмек беріледі – әкім

225 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында өрт салдарынан қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп  жазады Egemen.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты, қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын.

Бұл - тұтас халық ауыр жағдайда қабылдап отырған қасірет.

Қаза болған балалардың отбасына Атырау облысы әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады.

Қазаның арты жарассын», делінген көңіл айту жедел хатында.