Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың табысы мен шығыстарына қатысты есепті жариялады. Мәліметтерге сәйкес, елімізде жан басына шаққандағы орташа жылдық ақшалай табыс 1,45 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың табыс көзі мен шығыс құрылымында айтарлықтай өңірлік және әлеуметтік алшақтықтар байқалады.
Халықтың негізгі күнкөріс көзі ретінде еңбекақы (969,5 мың теңге);мен мемлекеттік қолдау қалып отыр (261,4 мың теңге).
Елімізде орташа жалақыны есептеу ережелері өзгереді
Бір адамның орташа жылдық шығыны 1,3 млн теңгені құрады. Ааматтардың табысының ең үлкен бөлігі қайда жұмсалатыны анықталды:
Азық-түлік – 672,1 мың теңге. Тұтыну себетінде ет және ет өнімдері, нан, сүт тағамдары мен көкөністер көш бастап тұр.
Азық-түлік емес тауарлар – 269,1 мың теңге.
Ақылы қызметтер – 240,1 мың теңге.
Денсаулық сақтау – 36,2 мың теңге (негізінен дәрі-дәрмек пен стоматологиялық қызметтер).
Білім беру – 25 мың теңге (балабақша мен жоғары білім шығындары).
Сондай-ақ халықтың қарыз жүктемесі де назардан тыс қалмады: несие мен қарызды өтеуге орташа есеппен 84,2 мың теңге бағытталған.
Елімізде орташа жалақы мөлшері қанша теңге?
Табыс деңгейі бойынша өңірлер арасында екі есеге жуық айырмашылық бар:
Көшбасшылар: Астана (2,05 млн теңге) және Қарағанды облысы (2,03 млн теңге).
Төменгі көрсеткіш: Түркістан облысы (922,8 мың теңге).
Шығындар бойынша да Қарағанды облысы мен Алматы қаласы алда. Ал несиелік жүктеме ең жоғары аймақ ретінде Ұлытау облысы танылса, Шымкент қаласының тұрғындары ең аз қарыз алғандар санатына жатты.
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Қалалықтардың жылдық шығыны (1,4 млн теңге) ауыл тұрғындарынан (1,03 млн теңге) жоғары. Қалада тұрғындар ақылы қызметтерге көбірек жүгінсе, ауылдық жерде өз қосалқы шаруашылығының өнімдерін пайдалану үлесі жоғары.