• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:16

Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларын верификациялау процесін мемлекеттік компанияға беру жоспарланып отыр. Тиісті нормативтік өзгерістер қазіргі уақытта Мәжіліс қарауында. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін смартфондарды тіркеу қызметін «ATS Mediafon KZ» жеке компаниясы атқарып келген болатын. Тіпті 2025 жылдың маусым айында министрлік бұл нарыққа бірнеше коммерциялық ұйымды тартуды жоспарлаған еді. Алайда Үкімет деңгейінде бұл саланы мемлекеттік монополияға өткізу туралы шешім қабылданды.

Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бұл қызметті мемлекеттік ұйымның құзырына беру мәселесі жан-жақты талқыланған.

«Нормативтік өзгерістер Мәжілісте қаралып жатыр. Егер олар мақұлданса, бұл жұмыспен мемлекеттік компания айналысады», деді вице-министр Үкіметте өткен брифингте.

Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді

2025 жылы министрлік бұл процесті бизнеске беруді «ұтымды» деп санаған болатын. Ол кезде бюджет қаражатын үнемдеу және механизмді жедел енгізу мақсаты алға қойылған еді. Бірақ верификация жүйесі енгізілгеннен бері қазақстандықтар тарапынан көптеген арыз-шағымдар түсті:

Шетелден әкелінген құрылғыларды тіркеу кезіндегі кедергілер; Әсіресе Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген смартфондарды верификациялаудағы техникалық қиындықтар.

Енді бұл мәселелер мемлекеттік бақылау арқылы шешіледі деп күтіледі. Заңнамалық өзгерістер қабылданған жағдайда, тіркеу процесінің ашықтығы мен сапасы мемлекеттің тікелей жауапкершілігінде болады.

Соңғы жаңалықтар