ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинациямен қамтуда көшбасшы өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінгі күні вакцинаның 14,4 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде 1-компонентпен 7 766 146 адам егілді, бұл егілуге тиісті халықтың 77,9 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 6 756 266 адам (67,8%) қамтылды. Бұл егілуге тиісті халықтың 67,8 пайызына тең.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтудың көшбасшылары: Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары», деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.