• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қазан, 2021

ЕАЭО азаматтары елімізде қашықтан жұмыс істейді

130 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономика­лық одақ шеңберіндегі интегра­циялық процестер­ді ескере отырып, еліміз­­дің Еңбек кодексіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер­­дің азаматтарына Қазақстан аумағында орналасқан кәсіп­орындарда қашық­тан еңбек қыз­метін жүзеге асыруға мүм­кіндік беретін өзгерістер енгізілді.

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан басқа, Еңбек кодексіне ТЖ, ТО және басқа да шектеу шаралары кезеңінде қызметкерлерді қалып­ты жұмыс режімінен қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәртібін оңайлататын түзетулер енгізілді. Сон­дай-ақ қызметтің ерекшелі­гін ескере отырып, қашықтан және әдеттегі жұмыс кезектесетін ара­лас жұмыс режімін пайдалану мүмкіндіктері жақсартылды. Сонымен қатар жұмыс беруші мен қызметкердің аралас және қашықтан жұмыс режіміндегі құқықтары мен міндеттері және басқа да бірқатар өзгерістер көрсетілген.

Бұл ретте Еуразиялық эконо­ми­калық одақ туралы шартта қашықтықтан еңбек қызметін жү­зе­ге асыру үшін ЕАЭО-ға мү­ше мемлекеттің азаматын қа­был­даған жұмыс беруші қай елдің заңнамасын қолдануға тиіс екенін регламенттейтін нормалар жоқ.

Осыған байланысты, қазір­гі уақытта Еуразиялық эко­но­микалық интеграцияны да­мытудың 2025 жылға дейінгі стра­тегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде, жұмыс беруші ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекет­тің аумағында тіркелген жағдай­да, мүше мемлекетте жұмыстар­ды орындайтын қызметкерлер­дің құқықтық жағдайын реттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірленеді.