2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазтеміртранс» АҚ-ның 4,8 мыңнан астам вагоны жоспарлы жөндеуден өтті. Бұл ретте күрделі салымдар жоспары бойынша вагондарды жөндеу көлемі 117%-ды құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 34 вагонға артық. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 9% көп вагон күрделі жөнделген.
Биыл тамыз айында «Қазтеміртранс» АҚ вагондар паркі 42 мыңнан астам вагонды құраса, орташа тозу 54%-дан асты.
Жүк жөнелтушілерді жарамды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету үшін осы жылы жүк вагондарының паркі жартылай вагондарды лизингке сатып алу есебінен толықтырылады. Тамыз айының соңында 850 ашық вагон сатып алынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы 150 вагон жеткізілді.
2020 жылдың қаңтарынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлерін жасалған шартқа сәйкес сервистік компания жүргізеді. Компания үшін вагондарды жөндеу бейінді қызмет емес екендігіне қарамастан, осы саланы қатаң талдау және бақылау жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, «Қазтеміртранс» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 100% еншілес компаниясы. Еліміздегі жүк вагон паркінің ірі операторы тасымалдауды ұйымдастыру процесін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді.