• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қазан, 2021

Түркия Климат жөніндегі Париж келісімін бекітті

500 рет
көрсетілді

Түркия парламенті Климат жөніндегі Париж келісімшартын бірауыздан бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрік елі – Үлкен жиырмалық ішінде ауқымды құжатты бекіткен соңғы мемлекет. Алайда Анкара Түркия келісімшартқа дамыған емес, дамушы мемлекет ретінде қатысатынын айтып отыр. Мәселе алдағы қараша айында Глазго қаласында өтетін климаттың өзгеруі бойынша конференцияда талқыланбақ.

Айта кетейік, Париж келісімі – 2015 жылы қабылданған Климат жөніндегі алғашқы жаһандық келісім-шарт. Оған 190 мемлекет қол қойған. Құжат ғаламдық жылынумен күресіп, қазбалы отынды пайдаланудан толық бас тартуды мақсат тұтады.