• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қазан, 2021

Жыл соңына дейін студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі

247 рет
көрсетілді

Жыл соңына дейін елімізде студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі. Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасы аясында 2020 жылы 20 мың төсек-орынға арналған 75 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, биыл жыл басынан бастап 3 мың төсек-орынға арналған 15 жатақхана пайдалануға берілген еді», деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның мәліметінше, 2021 жылдың соңына дейін жасалған алдын ала шарттар есебінен 5,5 мың төсек-орынға арналған 23 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.

«Бұдан басқа, сегіз оқу орны тұрғын үй-жайларды жалға алу есебінен 2 мыңға жуық төсек-орынға қажеттілікті қамтамасыз етіп отыр. Ал, 2022 жылы 24 мыңға жуық орындық 59 жатақхананы, 2023 жылы 11,5 мың орындық 25 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда», деді Ералы Тоғжанов.