Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов алдағы күндері өтетін 2022 жылғы әлемдік доданың іріктеу сайыстарында төменде есімдері аталған ойыншыларға сенім артты, деп жазады Egemen.kz.
Қақпашылар – Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен.
Қорғаушылар – Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тәйкенов, Дмитрий Шомко.
Жартылай қорғаушылар – Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Бахтиер Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов.
Шабуылшылар – Оралхан Өміртаев, Айбар Жақсылықов, Алексей Щеткин және Роман Муртазаев.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы екі бәсекені де жерлестеріміз «Астана Аренада» өткізеді. 9-қазанда біздің жігіттер Босния мен Герцеговинаны қабылдаса, 12-қазанда Финляндиямен күш сынасады.