• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2014

Ақпараттар ағыны

245 рет
көрсетілді

Елімізде осы жылдың 1 сәуірінде салымшылардың жеке есепшоттары мен зейнет­ақы жинақтары Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Бұл іс арнайы кесте бойынша қолға алынғалы отыр. Республикамызда биыл 60 мың жеңіл көлік шығарылады. Осының негізінде жоспарды 112 пайызға жеткізуге мүмкіндік жасалмақ. «ҚазТрансГаз» АҚ-тың был­тырғы таза табысы 51 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте экс­портқа газ өткізу жөніндегі жоспар 115 пайызға орындалған. Алматы қаласы алдағы бес жылда инновациялық даму орталығына айналады. Оны жүзеге асыру үшін жоба әзірленді. Ақтөбе облысындағы кәсіп­керлер палатасы жанынан «Жаңа дәуір кәсіпкерлері» клубы ашылды. Онда жаңа жобаларды рәсімдеу және қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан об­лысы өткен жылы қамбаға 5,2 млн. тонна астық құйды. Енді жергілікті өңір өсім көлемінің артуына байланысты 120 мың тонна астық сақтайтын элеваторды іске қосуды көздеп отыр. Атырау облыстық ауру­ханасының дәрігерлері алғаш рет лапараскопиялық әдіспен бүйрекке ота жасады. Арнайы есепке алынған науқастарға да осы тәсіл қолданылады. Маңғыстау облысында жас отбасыларға пәтер кілті та­быс етілді. Ал жақын арада тағы 200 жас отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанады. Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.