Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың кезекті толқы болу ықтимадығын жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Батыс Еуропада, Америка құрлығы мен Азия елдерінде жаңа мутацияға ұшыраған штамдар анықталуда. Соған байланысты жаңа толқындар басталып жатыр. Бүкіл әлемді алаңдатқан «дельта» штамы бір елдерге ерте, бір елдерге кешігіп келе жатыр. Біздің қаламызға келер болсақ, көктемде үшінші толқыны өтті. Оның себебі – «альфа» штамы. Қазір біз төртінші толқыннан шықтық. Сондықтан біздің ойымызша, келешекте толқын деңгейінде аурушаңдықтың көтерілуі мүмкін емес», деді Жандарбек Бекшин.
Оның сөзінше, қалада ауа райының суытуына байланысты аурушаңдық деңгейі аздап көтерілуі мүмкін. Себебі көп тұрғын жабық ғимаратта жұмыс істейді. Жалпы бұл мәселе қатаң бақылауда.