• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қазан, 2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын жандандыру қажет

816 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыты мен міндеттерін кеңінен насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында, 2021 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – «Қоғамдық сананы ұлттық жаңғырту кезеңіне өткізуге арналған жол картасы» форматына көшуін және оның аясында жобалардың ауқымдылығы мен маңызына байланысты Жол картасы (2022-2024 жылдарға арналған Жол картасы) үш жылдық кезеңге ұзартылғаны талқыланып, бағдарламаны одан әрі дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты.   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордада 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 400-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Жобалық кеңсенің Оқу орталығы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру бойынша мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырады. Бүгінгі күні 79 мекеменің 1427 қызметкері оқытылды. Жалпы сағат саны – 316.   «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағытттары бойынша жұмысты жандандыруға ерекше екпін беру қажет»,  деді Б. Тлепов.   Талқылау қорытындысы бойынша ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов бағдарламаны одан әрі тиімді іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.