Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды, деп жазады Egemen.kz.
Prosports хабарлауынша, Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Сол себепті ол, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмаған.
Айта кетейік, құрама 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Екі ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.