• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2021

Ұлттық спорт ұлтты біріктіреді

452 рет
көрсетілді

Елордада Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізіліп жатыр.

Астындағы тұлпарының бабын тапқан батырлар дәс­түрлі асық ату ойынында бақ сынаса, ал апайтөс балуан­дарымыз қазақ күресінің сәнін келтірмек. Ал шақар да шандоз шабандоздар күш пен бі­лек және ақыл мен қайрат қа­тар топқа түсетін көкпар ойы­нында кімнің мықты екенін анық­тамақ.

Республикамыздың түк­пір-түкпірінен жиналған спорт­­шылар – өз аймағында ірік­­­теуден өтіп, үздіктер қа­тарынан табылғандар. Сол­түстік Қазақстан, Оң­түстік Қазақстан, Батыс Қазақ­стан, Шы­ғыс Қазақстан об­лыс­та­рының таңдаулы спорт­­шы­лары ұлттық ойын­да­ры­мыздың көркін қыздыр­мақ ниетте.

Жалпы алғанда 7 ойын түрінен жарыстар өткізу жос­парланған екен. Атап айт­сақ, асық ату, қазақ күресі, то­­ғызқұмалақ, аударыспақ, көк­­пар, жамбы ату, теңге ілу. Бұл – бабамыздан бізге жеткен асыл мұра, қазақтың қанына сіңген бәсекелі бәйгелер. Сон­дықтан әр өңірден өз бағын сынау үшін келген жалынды жігіттердің ерлігіне сүйсінуге болады.

Отыз жылдық торқалы той­ға орайластырылған ұлан-­ғайыр спорт шарасын ұйым­дастыруға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынық­ты­ру істері коми­тетіне қа­расты «Ұлттық және ат спор­ты түрлері ор­талығы» РМҚК мұрындық болып отыр­­ғанын да айта кетейік. Ұлттық ойындар қазақ мә­дениетінің ажырамас бө­лігі екені даусыз. Онда ха­лықтың өмірі мен мінезі жа­тыр.

Денешынықтыру саласы – мемлекет саясаттының ма­ңызды бөлігі. Әсіресе, ұлт­­тық ойындарымыз ұлтты бірік­­тіре­тін үлкен күшке ие.