АҚШ елшісі Роберт Кинг Солтүстік Кореяда тұтқында отырған Кеннет Бэйдың босатылуы жөнінде келіссөз жүргізу үшін Пхеньянға келуді жоспарлаған еді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Жексенбі күні АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдегендей, Солтүстік Корея АҚШ елшісі Роберт Кингті осымен екінші рет қабылдамаған екен. Дегенмен, қоғам қайраткері Джесси Джексон Солтүстік Кореяда тұтқында отырған Кеннет Бэйға гуманитарлық көмек жеткізетін болды.
Кеннет Бэй 2012 жылдың қараша айында «КХДР билігін құлату мақсатында экстремистік сипаттағы әдебиеттер таратты» деген айыппен қамауға алынған болатын. Ал өткен жылы КХДР Жоғарғы соты Кеннет Бэйды 15 жылға еңбек лагеріне жіберу жөнінде үкім шығарды.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Newsfiber.com.