• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 09 Қазан, 2021

Қоқыс тастаған 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

580 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында белгіленбеген жерге қоқыс төгу фактісі бойынша 13 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, яғни қалалар мен елдi мекендер аумағындағы абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл-желектерді жою және бүлдіру дерегі бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Одан бөлек ортақ пайдаланатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған 4 адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс тұрғындарынан қала көркіне зиян келтіретін құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, тұрғылықты жер бойынша полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз»,  делінген МО Полиция департаменті парақшасында.