Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының капитаны Алмат Кебіспаев жартылай финалға шықты деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алмат Кебіспаев ширек финалда кілем қожайыны, 2020 жылғы Еуропа чемпионы Мортен Торесенмен кездескен болатын.
Тартысты белдесудің бірінші кезеңінде Алмат қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Екінші кезеңде сәтті әдіс жасап, төрттаған кезінде маңызды ұпай иеленіп, 9:6 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Алмат Кебіспаев ресейлік Назир Абдуллаевпен белдеседі.