Қыркүйек айының соңында Шекара қызметі Аташ ауылындағы жеке үйдің бірінде тоңазытқышқа жасырылған 215 келі бекіре тұқымдас балықты тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған факт бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және тиісті сараптамаларды тағайындады.