Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Бейнеу ауылында орын алған жол апатының мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы «Арай» қонақ үйінің жанындағы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі жол апаты 10 қазанда орын алды. Көлік ғимараттың кіреберісінде төңкерілді.
«Mercedes-Benz автокөлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші рульді басқара алмай, тұраққа қойылған LADA 21902 автокөлігімен соқтығысуға жол берді. Осыдан кейін ол қонақ үйдің қоршауына құлап, төңкерілді», деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 60 айлық есептік көрсеткіш (175 020 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.