• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қазан, 2021

Австрияның жаңа канцлері тағайындалды

319 рет
көрсетілді

Австрияның жаңа канцлері қызметіне бұған дейін елдің Сыртқы істер министрлігін басқарған дипломат Александер Шалленберг тағайындалады. 10 қазан кешінде Австрия Президенті Александер Ван дер Беллен тілшілер алдында сөйлеген сөзінде 11 қазанда Шалленбергтен ант қабылдайтынын қуаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы dw.com басылымы мәлім етті.

«Үкіметтік дағдарыс аяқталды. Еліміз игілігіне бағытталған жұмысты жалғастыруға болады», деп мәлімдеді Австрияның мемлекет басшысы.

Ван дер Белленнің айтуынша, ол Шалленбергпен сондай-ақ Австрияның вице-канцлері Вернер Коглермен сөйлескенінде, олар Президентті «болашақ бірлескен жұмыстың берік іргетасы бар екеніне» сендірген.

Заңгер, кәсіби дипломат Александр Шалленберг 52 жаста, ол бірнеше шет тілін меңгерген. Австрияның бұрынғы канцлері Курцтың бағытын, әсіресе көші-қон проблемаларына қатысты ұстанымын қолдайды.

Өз сөзінде Александер Ван дер Беллен Шалленбергпен бірге Австрияның жаңа Сыртқы істер министрі де ант қабылдайтынын айтты. Алайда оның есімін атаған жоқ.