• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Қазан, 2021

Дәрігерлерге 116 млрд теңге үстемеақы төленді

765 рет
көрсетілді

Коронавируспен күреске жұмылдырылған мамандарға 116 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге материалдық көмек жасалды. КВИ-мен күреске тікелей тартылған тәуекелдің үш тобы бойынша 116 млрд теңге сомасында үстемеақы төленді», деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, 2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30 пайызға, орта медицина жұмыскерлерінің жалақысы 20 пайызға артты.

Айта кетейік, Алексей Цой Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өткенін мәлім етті.