• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қазан, 2021

Қытайда автобус өзенге құлап, үш адам қайтыс болды

357 рет
көрсетілді

Жолаушылар автобусы дүйсенбі күні таңертең Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында өзенге құлады. Оқиға салдарынан үш жолаушы қаза тапты, тағы он бір жолаушы хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта судан 40 адам шығарылды, олардың үшеуі қайтыс болды, тағы 11 адам хабар-ошарсыз кетті», делінген Қытайлық БАҚ хабарламасында.

Төтенше жағдай Шицзячжуан қаласында (Хэбэй провинциясы) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында болды. Апат кезінде көлік құралының салонында 51 адам болған. Жол-көлік оқиғасы болған жерде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істейді.

Жергілікті БАҚ жазғандай, автобус жағаға шығарылып, аман қалған жолаушылар емханаға жеткізілді.