Атбасар қаласында осындай оқиға орын алды дегенде жағамызды ұстағанбыз. Бірақ, оған еш таңғалудың қажеті жоқ екен. Жасы еңкейген шалдың екі қызы бұған дейін есірткі бизнесімен айналысқаны үшін сотталып, түрмеде жазаларын өтеп жүргенін білдік.
Отбасылық қылмыстық кәсіпті жалғастырған жазған шал героинді сатып тұрған жерінде құрықталған. Жергілікті полиция қызметкерлері оның үйін тінту барысында, кереуеттің астына жасырылған героиннің қомақты бөлігін тапты. Тәркіленген қатты әсердегі есірткінің жалпы салмағы 145,42 грамды тартады. Бұл аса үлкен көлемдегі апиын саналады.
Бүгінгі күні ҚР ҚК 257-бабының 3-бөлімімен (есірткі заттарын заңсыз сатқаны үшін) қылмыстық іс қозғалды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.