• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 12 Қазан, 2021

«АрселорМиттал Теміртау» газға ауысады

276 рет
көрсетілді

«Ақтөбе РГС» ЖШС мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компа­ния­ның металлургия ком­би­на­­тына тауарлық газ жет­кізу туралы өзара келі­сім жасасты. Атал­ған ке­лісім Энерге­тика ми­нистрлігі, «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ және «АрселорМиттал Темір­тау» АҚ арасында қол қо­­йыл­ған ынтымақ­тас­­тық жөніндегі меморан­­­дум шеңберінде жүзеге асты.

Газ жеткізу көлемі жылына 300 млн текше метрден 600 млн текше метрді құрайды, өзара келісімнің мерзімі кемі – 15 жыл.

Келісімге қол қою рәсіміне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир және «Ақтөбе-РГС» ЖШС директоры Нұргүл Кактаева қатысты.

«Металлургия комбинатын табиғи газға ауыстыру секіл­­ді компания қолға алған эко­ло­­гиялық шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаға зиян­ды шығарындылар көлемін азайту және осы арқылы комбинатты батыс еуропалық өнеркәсіптік кәсіпорындар деңгейіне көтеру. Оның «Сарыарқа» магист­раль­дық газ құбырына қосылуы эко­логияға да игі әсерін тигізеді. Айналаны ластайтын негізінен энергетикалық көмір, мазут сын­ды отын түрлері екені бел­гілі. Компания қоршаған ортаға пайдасы көп осындай көптеген жоба­ларды жүзеге асыруды жос­парлап отыр. Мұндай эколо­гиялық іс-шаралар зиянды қалдық­тар көлемін төмендетуге мүмкіндік береді», деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Б.Наир.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Үкіметі мен «АрселорМиттал Теміртау» өзара түсі­ніс­тік туралы меморан­дум­ға қол қойды. Құжатта көр­се­тіл­ген шарттар бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ зиян­ды шығарындылар мәселе­лерін шешумен қатар, өндірісті жаңғыртуға бағытталған инвес­тициялар қатарын арттыруға мүдделі. Инвестициялық келісім­шарт шеңберіндегі жиын­тық көлем алдағы он жыл ішінде кемін­де 3 млрд долларды құрай­ды. Бұл соманың басым бөлігі келісімнің алғашқы бес жылында инвестицияланбақ.